27 маусымда болған дауылдан кейінгі «Медеу» мемлекеттік табиғи аймақтық саябағындағы қираған талдарды тазалау жұмысына қаланың әр ауданының тұрғындары да атсалысып келеді. Сонымен қатар оны тез арада тазартуға «Алматы қаласы құтқару қызметі», «Алматы тазалық», «Тәртіп» және тағы басқа мекемелер бар күшін салуда.
Өткен сенбілік жұмыстарына 757 адам тартылып, 34 арнайы техника жұмысқа қосылды.