Медведев Сағынтаевты премьер-министр болуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медведев Сағынтаевты премьер-министр болуымен құттықтады

Медведев Сағынтаевты премьер-министр болуымен құттықтады

Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалған Бақытжан Сағынтаевты құттықтады.

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы government.ru хабарлайды.

“Ресейде сізді екі ел ынтымақтастығын жүйелі түрде дамытып келе жатқан тұлға ретінде таниды. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары ретінде сіз экономикалық, гуманитарлық саладағы ірі жобаларға атсалысып, Евразиялық экономикалық одақ аясындағы даму процесіне үлкен табыс әкелдіңіз. Сіздің ресейлік әріптестеріңіздің арасында зор беделіңіз бар. Жинаған тәжірибеңіз сізге жаңа қызметте де көмектеседі деп сенемін”, – деді Медведев құттықтау жеделхатында.


Ресей премьері Сағынтаевпен алдағы уақытта тығыз белсенді байланыста болып, Ресей мен Қазақстанның арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Бақытжан Сағынтаев 9 қыркүйек күні премьер-министр қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар