«Мега-Ақтөбе» сауда орталығын үш жасөспірім «миналады» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мега-Ақтөбе» сауда орталығын үш жасөспірім «миналады»

«Мега-Ақтөбе» сауда орталығын үш жасөспірім «миналады»

Ақтөбе» сауда орталығын «Мартұқ» кентінің мектебінің 7,8,9-шы сынып оқушылары «миналап» қойыпты, деп Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманалиев мәлім етті.

  • 2 Маусым 2011
  • 648
Фото - Caravan.kz

«Жастары 13,15 және 16-лардағы күдіктілер 1-ші маусым күні 14 сағат шамасында көшеде кездесіп, олардың үлкені «Мега Ақтөбе» СОО-ға қойылған мина туралы полицияға хабарлауды ұсынған. Одан кейін ол 102-ші номерді теріп, 13 жасар кішісіне телефонды бере салған. Кішісі болса, операторға «Мега Ақтөбе» миналанғанын хабарлаған», — деді А. Иманалиев бейсенбі күні.

Ұялы телефонды өшіріп, сим картасын алып, олар үйді-үйлеріне тарасқан.

Аталған факті бойынша қазір қылмыстық іс қоғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Полициядағылар аталған жағдайда жауапкершілікті күдіктілердің ата-аналары көтеретіндігін, олар әкімшілік жазадан басқа шұғыл әрекет күштерінің дабылмен шапқылаған шығынын, сондай-ақ «Мега-Ақтөбе» орталығының шығынын да өтеулері мүмкін дейді.

Бұл жыл басынан бері Ақтөбе облысында тіркелген телефон бұзақылығының үшінші фактісі.

Соңғы жаңалықтар