“Мекке ойыншық па сендерге”: Мөлдір Анарбаева Меккеге барғыштап кеткендерді сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мекке ойыншық па сендерге”: Мөлдір Анарбаева Меккеге барғыштап кеткендерді сынға алды

“Мекке ойыншық па сендерге”: Мөлдір Анарбаева Меккеге барғыштап кеткендерді сынға алды

Блогер Мөлдір Анарбаева Меккеге барғыштап кеткендерді қатаң сынға алды.

  • 6 Ақпан 2023
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өнерпаздардың дені қажылыққа өз қаражатымен бармайды. Маған да осындай ұсыныс түскен. Ауылдастарымның ішінде қиналып отырғандар бар, біреуіне баспана әперсек өмір бойы балалары жылы үйде өмір сүреді, біздің сынағымыз сол, оданда сол ақшаны бер мен жарнама жасайын есесіне ауылдасқа үй алып берейік дедім. Жоқ, сіздің немесе жақыныңыздың кетіп бара жатқан видеосы керек дейді. Мен Меккеге жарнама жасамаймын, ол ойыншық емес оған жарнама арқылы баратын пенде дайын болмаса мен де ол да күнә артады Құдайды алдамайық дедім.
–Өкінішке қарай, бүгінгі күні қажылық жайлы түсінігіміз туристік саяхат, бос мақтан мен атақ-абырой жинаудан әріге аспайды.
Біз бай болсақ та, кедей болсақ та, әнші, тіпті ақын болсақ та, бәріміз бір аспанның астындамыз. Барлығымыз бір Құдайдың құлымыз. Алайда қажылыққа барып, қағбаны айналғанымыз бізді жұмаққа жеткізеді деу менің ойымша қателік. Оны тағы елге көрсету тіпті сорақылық! Балаңыз жемқорлықпен тиын тауып бала-шағасынан жырып сізді Меккеге аттандырса сауапқа кенелесіз бе?! Оданда Меккеге жібермеген адал еңбек етіп жүрген қарапайым балаңыздан арқалар сауабыңыз мол шығар, Құдайды ешкім алдай алмайды", — деді Мөлдір Анарбаева.


 

Соңғы жаңалықтар