Мексика жағалауында АҚШ туристері мінген кеме суға батып кеткен
Мексика жағалауында болған кеме апаты кезінде американдық туристердің бірі қаза тауып, тағы алты адам із-түссіз жоғалған. Бұл туралы сейсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады. |
Кеме бортында АҚШ-тың 27 турисі мен 17 экипаж мүшесі болған.
Мексика Әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, кеме Калифорния шығанағында болған теңіз дауылына тап болған.
Қазір із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеу жүріп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін