Мектеп оқушысын 7 мың теңге үшін атып өлтіргендер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп оқушысын 7 мың теңге үшін атып өлтіргендер сотталды

Мектеп оқушысын 7 мың теңге үшін атып өлтіргендер сотталды

Шымкентте 7 мың теңге үшін мектеп оқушысын атып өлтіргендер сотталды. 17 мен 19 жастағы аралығындағы сарыағаштық жігіттердің үшеуі 5 жылдан арқаласа, төртіншісі 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салсақ, оқиға Сарыағаш қаласында наурыз айында болған. Жергілікті мектептің оқушысы мен 3 студент ауыл оқушыларынан 7 мың теңге көлемінде ақша бопсалайды. Тек, олар оңай олжа болудан бас тартады. Осыған ашуланған төртеу үш оқушыны үйінен шақырып алып, шолақ мылтықтан оқ жаудырған. Салдарынан, бірі жараланып, екіншісі көз жұмды. Судья қару қолданған қаскөйге 16 жыл беріп, қалғаны 5 жылдан арқалады. Бірақ үкімге марқұмның туыстары риза болған жоқ.


Ақмарал Сламбекова, марқұмның анасы:

— Әділдікпен екеуі де жазаға тартылсын. Әке-шешелері қазір айтып жатыр 1-2 жылда шығарып аламыз дейді. Міне, ақшаларына сеніп отыр. Міне, сонда ақшамен баланың өмірін қолма-қол сатып жатса менің жүрегім неге жыламайды?