Жарияланды: 500

Мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы бір оқушының жалған ақпараты салдарынан 100 мың теңге зая кетті

Ақтөбе қаласындағы №43 мектептің 10 жасар оқушысының мектеп ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпараты салдарынан мемлекеттің 100 мың теңгесі зая кетті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Мектеп оқушысының айтуынша, "ол орыс тілінің ашық сабағына қатысқысы келмегендіктен қалжыңдауды жөн көрген". Осындай "қалжың" салдарынан қаладағы барлық шұғыл әрекет қызметтері аяғынан тік тұрғызылды. Мектептегі сабақтар тоқтатылып, 350 оқушы басқа жаққа көшірілді. Баласының бейбастақтығы салдарынан ата-анасы 700 доллардан қағылатын болды. Қазір осы оқиғаға байланысты іс сотқа тапсырылды. Жыл басынан бері төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы 9 телефон қоңырауы келіп түскен. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлерінң айтуынша, "бақытқа қарай, жарылғыш зат бірде- бір мәрте табылған жоқ. Бірақ қазына қаржысы босқа шашылды". Осындай қылжақбастардың әрбір телефон қоңырауы мемлекетке 1000 доллардың шығынын әкелуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін