Жарияланды: 20

Мемлекет әдебиет академиясын құруға ниетті

Мемлекет әдебиет академиясын құруға ниетті

Ел билігі Әдебиет академиясын құруға ниет танытты.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрағаның сөзінше, академия құрылар болса, өзге елдердің классиктерін, сақа сыншылар шақыртып, арнайы дәріс оқытуға мүмкіндік туар еді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатында айтылған ұсынысты Мәдениет және спорт министрлігі қарастырып жатыр. Тіпті ведомство жаңа жобаны «Жол картасына» енгізіп те қойған. Толық қолдау табар болса, әдебиет институты Астана қаласында ашылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть