Бүгін мемлекет басшысы Астана индустриялық паркінің аумағында автокөлік шығаратын, көліктің доңғалағын өндіретін және локомотив құрастыратын зауыттың іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.
«Қазіргі таңда отандық бизнес үкіметпен бірлесіп «30 корпоративтік көшбасшы» жобасын жүзеге асыруға атсалысуда. Осы бағдарламаның аясында жалпы құны 56 млрд АҚШ долларын құрайтын 86 жоба іріктелді. Бұл қаржы расында да жұмсалып, кәсіпорындар қатарға қосылады», — деді Н. Назарбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада «Nissan» автокөліктерін шығаратын зауыттың жоспарлы қуаты жылына 30 мың автокөлікті құрамақ, оның құрылысына $100 млн жұмсау көзделген, зауыт ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Ал автокөлік доңғалақтарын шығаратын зауыт жылына 4 млн дана өнім өндіреді, өнімнің 50%-тен кем емес бөлігін экспортқа шығару көзделген. Жобаға жұмсалатын инвестиция көлемі 200 млн долларға тең, жобаның бірінші кезегін келесі жылы, екіншісін — 2010-жылы іске қосу межеленген.
Локомотив құрастыру зауытының құрылысына 78 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсалады, өндіріс АҚШ-тың General Electric компаняисының технологиясына негізделеді, зауыт келесі жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті