«Мен кеше бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жыл сайынғы байқауын өткізіп отыру және «Парыз» атты арнаулы иегерлік атақ белгілеу туралы жарлыққа қол қойдым», -деді Н.Назарбаев. «Біздің қоғамда кәсіпкерлерге жалпыұлттық байлықты құрушы және жалпы Қазақстанның гүлденуі мен қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасаушы күш ретінде қарайтын сенім өсе түсуге тиіс. Бүгінде Қазақстанда ірі әрі табысты жеке меншік құрылымдар, ірі шетелдік инвесторлар бар, олар осындай қарым-қатынасқа лайық», — деді ол.
Оның айтуынша, байқаудың мақсаты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принциптерін дамыту, бизнестің қоғамдағы айрықша өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге атсалысуын пәрмендендіру және әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнестің қоғамдық санада оң қабылдануына жағдай жасау болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті