Мемлекет басшысы еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады

Мемлекет басшысы еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов өз округіндегі жағдай туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ ауыл экономикасын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты өзінің көзқарасын білдірді.

Парламент сенатының депутаты Өмірбек Байгелдімен болған кездесу кезінде елді саяси жаңарту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанованы қабылдады. Кездесу барысында ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері, сондай-ақ елдің одан әрі дамуындағы шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің рөлі талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті