Мемлекет басшысы ғылым қайраткерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы ғылым қайраткерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы ғылым қайраткерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым қайраткерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Наурыз 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі, сондай-ақ Қазақстан ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Серік Смайылұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Отан» орденімен,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Экология және география» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі Әлия Сейсенқызы Бейсенова «Парасат» орденімен марапатталсын»,- делінген құжатта.

Жарлыққа 29-наурызда қол қойылған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті