«Конструктивті диалог болып, өзара пікір және идея алмасуға мүмкіндік туды. Біз Қазақстан мен өзіміздің ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқыладық», — деді Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Қазақстан президентімен келіссөздерден кейін өткен брифингте.
«Қазақстанның біздің ұйыммен антымақтастықты толық қолдап, оны дамытуға белсенді үлес қосып отырғанына мен бақыттымын», — деді Э. Ихсаноғлы.
Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы өзінің бұл Астанаға алғашқы ресми сапары екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, бүгін Қазақстанның Елордасында «Ислам өркениеті Орталық Азияда» атты халықаралық ғылыми конференция өтетінін еске салды.