Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады

Бүгін, 2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалғаны белгілі болды. Олар Расул Ахметов пен Дмитрий Останкович

  • 17 Сәуiр
  • 5
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында жарияланған ресми мәлімдемеде айтылған.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.