Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түске дейін Елбасы Қазақстандағы медициналық және өндірістік рентген аппараттарын шығаратын жалғыз өнеркәсіп «Ақтөберентген» акционерлік қоғамында болды.
Мұнда мемлекет басшысына КРФ-112 «Флюкар» жылжымалы рентген флюорографиялық сандық кешені мен КРМ-111 «Маммокар» рентген маммографиялық диагоностикалық кешені көрсетілді.
Содан кейін Елбасы құрастыру цехының көрме павильонына өтіп, онда аппараттардың түсіру мүмкіндіктері мен оларға арналған компьютерлік бағдарламалардың ерекшеліктерімен танысты.
Бүгін сондай-ақ президент Н.Назарбаев «Алатау» сауда, ойын-сауық кешенін аралап көрді. Аталған сауда кешенінің құрамында әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін кең танымал сауда белгілері желісінің супермаркеттері бар. Сондай-ақ ғимаратта шағын және орта бизнес кәсіпорындарының кеңселері орналасқан.
«Алатау» сауда, ойын-сауық кешені әлемдік стандарттарға сай салынған, өңделуі мен қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті