Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассемблеясының алдына бірқатар міндеттер қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассемблеясының алдына бірқатар міндеттер қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассемблеясының алдына бірқатар міндеттер қойды

АСТАНА. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халық ассемблеясының алдына бірқатар міндеттер қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 7 Тамыз 2007
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Асамблея үшін жаңа даму кезеңі басталмақ, ол конституциялық мәртебе алды, өзінің өкілеттілігін кеңейтті, бұз өз кезегінде жауапкершіліктің жаңа деңгейі мен жаңа міндеттерді меңзейді»,- деді президент.

Ассамблеяның негізгі міндеті, мемлекет басшысы айтып өткендей, «бұл — Қазақстан халқының отаншылдығы мен бірлігін одан әрі нығайту». «Ассамблея ұлыстардың ең беделді, ең сыйлы өкілдерінен тұрады, олардың пікірлері жоғары моральдық салмаққа ие. Және де осы әлеуетті еліміз халқының достығы мен бірлігін одан әрі нығайтуға белсенділікпен бағыттау қажет»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

«Екіншіден, ассамблея тіл саясатын жүзеге асыруға белсене қатысуы қажет», — деп атап өтті президент. Ол, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы жүзеге асырырыла басталғандығын еске сала кетті, аталмыш бағдарлама барлық қазақстандықтардың үш тіл — қазақ, орыс және ағылшын тілін бірдей меңгеруін қарастырады. «Ассамблея бұл жұмысқа белсене қатысуға тиіс, олардың жексенбілік мектептер желісінде тілді дамытуға қатысты жақсы тәжірибелері бар», — деп атап көрсетті Н. Назарбаев. «Оларды қазақ тілін дәріптеу үшін пайдалану керек, сондай-ақ, бірлесе отырып ұлттық мәдени орталықтардың жанында ағылшын тілінің дәрістерін ашу туралы да ойластыру қажет»,- деген ұсыныс жасады мемлекет басшысы.

Президент қойған міндеттерінің ішінде, сондай-ақ ассамблеяның іс-қызметінің құқықтық базасын жетілдіруді де атап өтті. «Келешекте жеке заң қабылдау қажет болуы да мүмкін, онда ассамблеяның жұмыс істеу тетіктеріне, басқа да құрылымдармен өзара ықпалдасу және тағы басқа да мәселелер реттелуге тиіс»,- деп атап өтті ол.

«Төртінші міндет — шетелде ұлтаралық келісімның қазақстандық моделін дәріптеу»,- деді мемлекет басшысы. «Ассамблея соңғы екі жылда ұлтаралық келісімдерді қамтамасыз ету және өзара табысты диалог орнату саласындағы қазақстандық тәжірибелерді дәріптеу жөніндегі арнаулы сыртқы саяси бағдарламаларға қатысуда және де осы жұмысты жалғастыру қажет»,- деді ол.

«Менің пайымдауымша, біз ассамблеяның алатын орны туралы сөзбен айтып қана қоймай, оларға проблемаларды шешуге іс жүзінде қатысу құқығын беріп отырғанымыз дұрыс»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. «Бүгінде парламентке ассамблеядан да депутаттар сайланады. Бұл шешім ұзақ талқыланды, сындар да айтылды, қолдау да көрсетілді, бірақ мен бұл Қазақстанның жолы, бұл біздің қазақстандық ерекшелігіміз деп тағы бір рет нақтылап айтқым келеді. Және де кім не айта да біз Қазақстан мен біздің халқымызға қажет жолмен жүреміз және бұл мәселеде ешкімге құлақ аспаймыз»,- деп қорытындылады президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті