Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кемерово қаласындағы ойын-сауық орталығындағы өрттен адамдардың қаза болуына байланысты Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайдыZakon.kz.
Елбасы Кемерово қаласының ойын-сауық орталығында орын алған өрттің салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды терең қайғымен қабыл алды.
«Қазақстан халқының атынан және өзімнің атымнан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге тезірек сауығып, отбасыларына қайта оралуын тілеймін», — делінген жеделхатта.
Оқи отырыңыз:
Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды