Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Оралда № 3 орта мектепте бастауыш сыныптарына дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалім есірткі таратты деген күдікпен ұсталды.

  • 26 Наурыз 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews "Мой город"- қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 23 наурызда болды.  БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, мұғалімнен 5,04 грамм марихуана тәркіленген. 

"23 наурызда № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты есірткі сатып алу операциясы жүргізілді. 5,04 грамм марихуана сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды", — деп түсіндірді Андрей Хлевин. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша іс қозғалды. Орал қалалық білім бөліміндегілер мұғалімнің ұсталғанын растады, алайда пікір білдіруден бас тартты. 

Оқи отырыңыз:

Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды

Қарағандыда бір келіден астам героинмен жергілікті тұрғын ұсталды
 

Соңғы жаңалықтар