Мемлекет басшысы сенаттың сегіз депутатын тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы сенаттың сегіз  депутатын тағайындады

Мемлекет басшысы сенаттың сегіз депутатын тағайындады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенаттың сегіз депутатын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президент әкімшілігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 28 Тамыз 2007
  • 374
Фото - Caravan.kz


Атап айтсақ, сенат депутаты болып Ғани Қасымов (Қазақстанның Патриоттары партиясының жетекшісі), Төлеген Мұхамеджанов (үшінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты), Ғарифолла Есім (ҚазҰУ философия және политология институтының деканы), Болат Жылқышиев (Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі), Оралбай Әбдікәрімов (президенттің кеңесшісі), Юрий Цхай (Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті), Александр Судьин (президент әкімшілігінің маман жұмыстары жөніндегі бөлім меңгерушісі ) және Әділ Ахметов (ҚБТУ ректоры) тағайындалды.