Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды - ҚР премьер-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды - ҚР премьер-министрі

Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды - ҚР премьер-министрі

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруді тапсырды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Шiлде 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Біз кеше вице-премьер Аслан Мусинмен, президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековпен және оның орынбасары Владимир Школьникпен бірге мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруге тапсырма алдық», — деді К. Мәсімов.

«Сол себепті мен вице-премьерге мемлекеттік холдингтердің алдына қойылған функциялық міндеттеріне сәйкес тексеретін топ құруды тапсырдым. Сонымен біруақытта мен 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында олардың есептерін тыңдағым келеді», — деді премьер.

Ол 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында жарты жылдың қорытындысы шығарылатынын еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті