Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жезқазғанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жезқазғанға келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жезқазғанға келді

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" -Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазғанға келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

Жұмыс сапары аясында мемлекет басшысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облыстық әкімшілігі мен «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы бірлесе ұйымдастырған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумға қатысады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада атап көрсетілгеніндей, форумның басты мақсаты «еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ұзақ мерзімді перспективада одан әрі дамуын бағдар еткен негізгі индикаторларын айқындауға саяды».

Форум жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әлеуметттік бағыттағы бизнес құрылымдар арасында БҰҰ-ның әлеуметтік- еңбек қатынастары саласындағы ғаламдық келісімінің принциптерін ілгерілету жөніндегі келісім-шартқа қол қою межеленген, оның аясында бизнестің ішкі және сыртқы әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі индикаторлары айқындалады.

Түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев жалпы білім беретін №10 мектеп пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Казкат» зауытында болады. Зауыт түрлі диаметрлі мыс орамалары мен электролиз өндірісіне арналған мыс штангалар өндіреді. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 50 мың тонна өнім шығаруға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті