Жарияланды: 370

Мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы принципін жүзеге асыруда қос стандарт пайдаланудан бас тартудың маңызы зор - ҚР СІМ

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы принципін халықаралық құқықтың басты постулаты ретінде сақтаудың өзектілігін атай отырып, осы принципті жүзеге асыруда "қос стандарт" пайдалануға қарсылық білдіреді. Бұл туралы ҚР СІМ Марат Тәжин кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"XXI ғасырда әлемге басқаша көзбен қарау мүмкіндігін жаһандану беріп отыр. Әлемдік экономика мен адам әлеуетін дамытуға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, сонымен бірге ол ғаламдық саяси-экономикалық бәсекелестіктің жаңаша шиеленісе түсуіне алып келді", - деді М.Тәжин. Осыған байланысты оның пікірінше, "осындай бәсекелестіктің пайдасына бола халықтар мен елдердің мүддесін құрбан етпеулің маңызы арта түсті". "Кейінгі уақыттағы қиындықтар мен коллизияларға қарамастан, халықаралық құқықтың базалық постулаттарын сақтаудың, соның ішінде мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы принципін сақтаудың өзектілігі ерекше", - деді КР СІМ. "Осы орайда аталған принципті жүзеге асыруда қос стандартты пайдаланудан қашқақтаудың маңызы аса зор", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін