Жарияланды: 910

Мемлекеттік аппарат жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс- ҚР президенті

"Барлық мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлікке және жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс, әсіресе бұны мен құқық қорғау органдарына қаратып айтып отырмын",- деп мәлімдеді бүгін, 31-қазанда Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Жеке меншіктің қасиетін мемлекеттік мекемелер ұғынуы тиіс, жеке меншік - саумал сиыр емес ",- деді Елбасы. "Қазақстан заңдары бойынша меншіктің барлық түрлерінің құқығы тепе-тең әрі жеке меншікке ешкім де қол сұға алмайды дегенді заң қорғауға міндетті барлық тараптар есте сақтауы тиіс ",- деп ескертті президент. Сонымен бірге Н.Назарбаев мемлекеттік құқық қорғаушы органдар шағын бизнес субьектілерін тексеру функциясын одан әрі де атқара береді деп атап өтті. Кәсіпкерлерге қаратып мәлімдеме жасаған Елбасы :"құқық қорғау органдарын бүгін біз жан-жақтан жабыла жамандап, сіздердің алдарыңызда түбегейлі тізе бүктіреміз деп ойламаңыздар",- деді. Елбасының пайымдауынша, "қазір жұмыс істеп жатқан мекеменің үстінен емес, керісінше, қаржы талап етіп қоқан-лоққы көрсететін мекеменің үстінен арыз-шағымдар түсуде". "Біз тексерушілер мен бақылаушылар үшін қорқытып қалта қағуға уақыт та, мүмкіндік те қалмайтындай жағдай жасауымыз керек ",- деп түйді өз сөзін Елбасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін