Мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерін жалға бергендер айыппұл төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерін жалға бергендер айыппұл төлейді

Мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерін жалға бергендер айыппұл төлейді

 

  • 10 Маусым 2016
  • 376
Фото - Caravan.kz

Үкімет онсызда басынан дау арылмайтын тұрғынүй бағдарламасын тағы өзгертпек. Ұлттық экономика министрлігі қазына қаржысына салынатын баспаналарды жұртқа жеңілдетілген пайызбен жалға берудің жаңа әдісін әзірлеуге кірісті.

Мәжіліске есеп беруге келген Экономика вице-министрі бағдарламаның нақты қалай өзгеретінін әзірге ашып айтпады. Жалпы, бюджет есебінен тұрғызылған пәтерлер ең алдымен жас отбасыларға, мүгедектер, жетім-жесір,  мұғалім, дәрігерлер мен әскерилерге ұзақ уақытқа жалға беріледі. Бірақ, онда жеңілдікпен қол жеткізген пәтер иесінің өзі ғана тұруы тиіс.

Мемлекеттік бағдарламаға тиесілі үйді өзгелерге жалға беріп, табыс тапқандарға айыппұл салу заңмен бекітілмек. Ал арзан пәтер үшін ондаған жылдар бойы кезекте тұрған адамдар ереженің жиі өзгеретініне қапалы. Депутаттар да үй салумен айналысатын мекемелердің көптігі жұрттың миын ашытты деп отыр.

 «Қазір осы мемлекеттік бағдарламадан жергілікті атқарушы билік те, жеке құрылысшылар да, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де, «Самұрық-Қазына» да қаражат алады, олардың әрқайсы өз білгенінше жұмыс атқарып жатқан жайы бар. Нақтылық керек осыған», — дейді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев. 


 

Соңғы жаңалықтар