Жарияланды: 1300

Мемлекеттік мекемелер мен даму институттары арасындағы ықпалдастықтың және оны үйлестірудің тиімді тетігін қалыптастыру қажет- ҚР үкімет басшысы

Қазақстандағы даму институттарының жұмысы "инвестициялық жобалардың сандық көрсеткіштеріне, соның ішінде инвестициялардың көлеміне қарай емес, қандайбір жобаны жүзеге асырудың ақырғы нәтижесіне қарай" бағалануы тиіс. Бүгін, 17-ақпанда Астанада ҚР индустрия және сауда министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай мәлімдеме жасады.

Ол Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стретагиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелер мен даму институттары арасындағы ықпалдастықтың және оны үйлестірудің тиімді тетігін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. "Даму институттарының жұмысын бағалау жүйесін қалыптастыру қажет",- деді үкімет басшысы. Сондай-ақ, Д.Ахметовтың айтуынша, "үкімет аймақтық биліктің жұмысын Стратегияны жүзеге асыру нәтижесіне сәйкес бағалайды". "Әкімдердің шұғыл міндеттерді жүзеге асырған кезеңі аяқталды",- дей келіп үкімет басшысы "жергілікті билік мекемелері ендігі жерде мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға назар аударуы тиіс" деп атап өтті. Осыған байланысты үкімет басшысы "даму институттарына еліміз аймақтарындағы жұмысты пәрмендендіруге" тапсырма берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін