» Мемлекеттік қолдауға қарамастан жерге себілген минералды тыңайтқыштар көлемі әзірге жеткіліксіз болып отыр «, — деп мәлімдеді А. Буць.
«2007 жылы енгізілген минералды тыңайтқыштар бес жыл бұрын бөлінген көлемнен үш есе артық болды. 1 гектар алқапқа республикалық орта есептік көрсеткіш бойынша қажетті 32,5 келінің орнына 4 келі зат себілді немесе сұраныстың тек 12 пайызы ғана орындалады. Сонымен қатар Алматы облысында 4,9%, Қостанайда — 4%, Ақмолада- 1,9%, Жамбыл — 1,4% және Шығыс Қазақстан облыстарында — 0,7% көлемінде минералды тыңайтқыштар пайдаланылған», -деп түсіндірді ол.
Департамент басшысы атап өткеніндей, өсірілетін басты өнімдердің 1 гектар жеріне бөлініп отырған субсидиялардың көлемі көбейтілуде. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін «Азықтүліккорпорациясы» АҚ арқылы минералды тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталған несиелік бағдарламасы енгізілді».
Оның пікірі бойынша, «шаруалар арасында бөлінген қаржыны жанар-жағар маймен қоса, өсімдіктерді қорғауға, минералды тыңайтқыштарға да жұмсау қажеттігін түсіндіру керек».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті