Жарияланды: 450

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс - Қазақстан президенті

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс". Мемлекеттің стратегиялық мақсаты - мемлекеттік басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұлар кәсіпқой, сауатты, заман көшінен қалмаған, елдің мүддесі үшін адал қызмет ететін, түрлі мүдделермен санасы уланбаған адамдар болуға тиіс, деді мемлекет басшысы. "Біз мемлекеттік қызметтің беделін көтеріп, мемлекеттік аппаратқа дарынды жастарды тартып, оларды тәрбиелеп шығаруға тиіспіз", - деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге, түрлі жемқор пысықайлардан батыл тазаруға тиіспіз, деді президент. "Онсыз біздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің санатына кіру ниетіміз жоспар күйінде қалады", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін