"Мен де құдайдан қорқамын, мойныма күнә алғым келмейді": Бақытжан Сағынтаев есеп беру кезінде ағынан жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен де құдайдан қорқамын, мойныма күнә алғым келмейді": Бақытжан Сағынтаев есеп беру кезінде ағынан жарылды

"Мен де құдайдан қорқамын, мойныма күнә алғым келмейді": Бақытжан Сағынтаев есеп беру кезінде ағынан жарылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан  Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кезінде Зерделі шағын ауданындағы қисайған үйге қатысты жауап берді. 

  • 19 Ақпан 2020
  • 106
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Аталған үйдің тұрғындары алдағы уақытта үйдің тағдыры не болатыны, қандай шешім қабылданаты жайлы сұраған болатын. 

"Сіздердің жан айқайларыңызды түсінемін. Мен де адам баласымын, мен де құдайдан қорқамын, мойныма күнә алғым келмейді",- деген қала әкімі бұл мәселе бойынша тиянақты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Тиісті мамандар  қисайған үйде әзірге ешқандай өзгеріс болмағанын жеткізіпті. Сағынтаев алдағы уақыттарда нақты шешім қабылданып, тұрғындарға хабарланатынын жеткізді. 

"Институттан мамандар шақырылды. Неден болғаны қаралды. Орнына келтіретін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, сәуір-мамыр арасында бұл жұмыстар бітеді. Біз мамандардың, сарапшылардың қорытындысын күтеміз.  Үйдің құнына байланысты әртүрлі ұсыныстар келіп жатыр. Ол жерді жалға алып отырғандар да бар, ипотекаға алып отырғандар да бар. Жақында өздеріңізді жинап шешімін айтамыз",- деді қала әкімі


 

",- деді бағытжан Сағынтаев. 

Соңғы жаңалықтар