Оны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Мәселен, тарихқа қөз жүгіртсек талай ғашық сүйгеніне жете алмай құрбан болған. Олардың махаббаттары әліде дастан болып айтылып жүр. Дегенмен, шоу-бизнестегі ғашықтар қосылды. Бұлардың махаббаты ел аузында. Біз бүгін қазақ жұлдыздарының сүйгенімен қалай кездесті? Үйленуге қалай ұсыныс жасады? Осы сауалға жауап іздейміз деп мәлімдейді Алматы телеарнасы.
Берік Тұрсынбеков жары Қарлығаш алғаш танысқан кездерін еске алды.
Қарлығаштың айтуынша, екеуі кастингте танысқан көрінеді. Алғаш рет Берікті көргенде әзілдері арқылы халықты күлкіге қарыққып тұрған түрік жігіті кім деп ойлаған. Кейін бір театрға қабылданып. Танысып, білісіп кеткеннен кейін шырайлы Шым-қаланың қарапайым қазақ жігіті екенін білген. Екеуі сырлас, өте жақын дос болған. Бірақ, көп ұзамай жан достардың достығы махаббатқа ұласқан. Қарлығаштың әлі есінде 1999 жылы 7 сәуірде Беріктің қызы болуға ұсыныс жасағаны.
«Маған қызым боласың ба,- деп ұсыныс жасады. Басында таңғалып қалдым. Себебі, Беріктің ауылына гастрольдік іс-сапармен барғанымызда анасына мені балаңызға келінғып алып қалсаңыз деп қалжындаған болатынмын», – деді Қарлығаш.
Ол кезде жас арудың Беріктің шаңырағына келін болып түсетіндігі мың ойласа түсіне кірмеген. Араға бір жарым жыл салып, қос ғашық 2000 жылдың 13 қазанында шаңырақ көтерген.
Ал, Салтанат Бақаева мен жолдасы Нұржанды әпкелері таныстырған. Екеуінің жеке кездесуінің өзі бір ерекше болған. Салтанат кездесуге барғанда, көлігімнің жарығы өшпей, қолымдағы апельсиндер құлап, бір кинодағыдай күй кешкен. Екі ғашық бір-бірін кездесе келе ұнатқан. Нұржанның үйленуге ұсыныс жасаған кезінің өзі ерекше болған. Үлкен саябақтың ішінде парашут ұшырып тұрған сәтте, күтпеген жерден жүзік ұсынған. Бұл сәт Салтанаттың әліде есінде.
Бір көріп ғашық болған әнші Бүркіт. Ол Айшамен өз туылған күнінде танысқан. Аталмыш кеште Айбектің жүріп жүрген қызыда болған.
«Мен Айша мен кездеспей тұра басқа қызбен жүріп жүргем. Айшаны көріп ол қызды ұмытып кетіппін. Бір көргеннен ғашық болдым», – деді Бүркіт.
Айша Бүркітті көргенде әнші екенінде білмеген. Уақыт өте келе оның шығармашылығымен танысқан. Бірақ, Айбектің ән айтатындығы Айшаның оған деген сезімін оятпаған.
«Мен уақыт өте келе Айшаның биші екенін білдім. Оның артынан 2 жыл жүгірдім. Екі рет үйленуге ұсыныс жасадым, қабылдамады. Үшінші рет ұсыныс жасағанда жүзікті қабыл аласынба? деп сұрадым. Ол «жоқ» деп жауап берді», – деді Айбек.
Бір көріп ғашық болған қызынан «иә» деген жауап ала алмаған Айбек шетел асып кетіп қалған. Араға бір ай салып Алматыға қайта оралғанда, күтпеген жерден Айшаны кездестірген.
«Менің сол кездесуде Айбекке деген күтпеген жерден сезімім оянды», – деді Айша.
Қыздың қытығына тию үшін, Айбек 10 күн бойы қоңыраулар мен смс жазбаларға жауап бермей қойған. Соңында Айбекке Айшаның өзі үйленуге ұсыныс жасаған.
Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтыңда кездесулері достықтан махаббатқа ұласқан. Алғаш рет қос ғашық телеарнада кездескен. Уақыт өте келе жұмыс бабымен кездесіп, телефон нөмірлерін алып, шат арқылы әңгіме жарастырып жүрген. Бірақ екеуі де бір-бірімізбен үйленеміз деп ойламаған.
«Аша әдемі, тартымды, ашық қыз екенін байқадым. Бастапқы кезде екеуміз бір-бірімізге ғашық болып үйленеміз деп ойлаған жоқпын», – деді Арман Қоңырбаев.
Аша «Mysterions» тобының әндерін тыңдап, жаңа шыққан үштіктің өнерін сырттай бақылап жүрген. Дегенмен, Арманға ғашық болам деген ой болмаған. Екеуінің бірге жүргенін көрген халық. Әлеуметтік желілерде «Сіздер жүресіздер ме?» деген сауалдарды көп қоя бастаған. Халықтың қосуымен екеуінің ортасында махаббат ұшқыны пайда болған. Олар қазіргі таңда бірі үлгілі әке, бірі аяулы ана.
Кешью тобының экс-мүшесі Айдана Меденова мен жолдасы Әлішер Нұржановтыңда махаббат хикаялары ерекше болған. Себебі, екеуіде бір-бірін сырттай таныған.
«Мен Айдананың кешью тобында ән айтатынын білдім. Сырттай таныдым. Оны жақсы білетін достарыммнан ол туралы сұрап жүрдім. Шамамен екеуміз бір-бірімізді екі жылдай сырттай білдік. Әрқашан онымен жолығудың жолдарын күтіп жүрдім. Ылғи да құпия жанкүйері ретінде гүл жіберіп тұрдым», – деді Айдананың жолдасы.
Әнші Әлішерді ағасы ретінде көрген. Уақыт өте келе достарының таныстыруларына байланысты Айдананыңда жүрегінде махаббат ұшқыны пайда болған. Осылай «аға» деп жүрген адамы өмірлік жары болып шыға келген.
Оқи отырыңыз:
"Жүлде 20 млн теңге" Елімізде кез келген адам қатыса алатын турнир өтеді
Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім
Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады