Жәбірленушінің қарындасы Мейрамгүл Мұсабаева Sn.kz порталының редакциясына хабарласып, болған жайттың мән-жайын айтып берді.
Оқиға 20 ақпан күні сағат түскі 2-лер шамасында болған. Жұматай жылқы бағу үшін көршісі Айбек Құрманғазиевпен ауылдан 30 шақырым қашықтыққа жол жүріп кетіпті. Алайда, 3 сағатта үйде болуы керек болған Мейрамгүлдің ағасы оралмайды.
«Сағат кешкі 8 жарымда шарбақтың ар жағынан айқай естілді. Қақпаны ашсам жерде ағам қан жоса боп жатыр. Құлағы кесілген, аяқтары тілім-тілім. Басы жарылған, мұрны сынған. Ағамды қолтықтап, көтеріп, үйге кіргіздік. Ағам: "Мені уахабистер пышақтады" деді. Мұны жасап отқан ауылдың Тұрар деген тұрғыны. Ол бастаған топ ағамды өлтіреміз деп қорқытқан», — дейді Мейрамгүл Масабаева.
Оның айтуынша, Тұрар есімді Құлсары тұрғыны жас балаларды жинап, уағыз айтып, оларды өзгелерге айтақтатып отырады екен. Ағасын сабағанда да жанында сол жандайшаптары болыпты.
«Ағамның аяқ-қолын байлап сүйреген. "Жылқыларыңның бәрін маған бересің, болмаса мен сені районнан жоқ қыламын, көшіріп жіберемін" деп қорқытып жүрген. Бір сөзбен айтқанда даланың бандиті ғой. Осыдан 4-5 ай бұрын да мылтықпен ағамның көлігін қуып жүріп атқан. Қайта оқ ағама тимей, аман қалған», – дейді жәбірленушінің қарындасы.
Бір қызығы Мейрамгүлдің ағасымен кеткен көрші жігіт те қорқып, не болағынын айтпай отыр екен. Ал, өздері болса ішкі істеп органдарына шағым жазған.
«Ағам да, біз де арыз жаздық полицияға. Бірақ ана Тұрарды 1 сағат та ұстаған жоқ. Тайрандап жүр. Онымен қоймай, ауруханаға ағама келіп, сес көрсетіп, қорқытып жатыр», – деген құлсарылық келіншек әділдіктен үміттенетінін жеткізді.
Оқи отырыңыз:
Халық Төреғалидың концертіне қарсы шықты