«Menin Armanym» корпоративтік қоры науқас балалардың қалауын қалай орындап жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Menin Armanym» корпоративтік қоры науқас балалардың қалауын  қалай орындап жүр?

«Menin Armanym» корпоративтік қоры науқас балалардың қалауын қалай орындап жүр?

Бүгін 27 қаңтар Алматы қаласында «Menin Armanym» корпоративтік қорына арналған пресс-конференция өтті.

  • 27 Қаңтар 2021
  • 99
Фото - Caravan.kz

Ұйым өкілдері қор жұмысының алғашқы үш айының қорытындылары туралы және еліміздің әр аймақтарынан келген ауыр науқас балалардың орындалған армандары туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Menin Armanym» корпоративтік қоры денсаулығында кінәрат бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Қор сыйлықтар бермейді немесе емделуге қаражат жинамайды, бірақ олар балалардың ең сүйікті ішкі қалауын іске асырады.

«Біз бұл жоба туралы ойлаған кезде ұзақ уақыт бойы еліміздің қайырымдылық нарығын зерттедік. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда қайырымдылық қорлары көп, бірақ бірыңғай жүйе жоқ. Қорлар бірнеше бағытта жұмыс істейді, бірақ біздің ұйым арманның орындалуын таңдап алды. Біз Түркияға барып, 40 жылдай жұмыс істеген ұйымның тұжырымдамасын зерттедік. Бүгінгі күнге дейін олар әлемдегі бес жүз мың баланың армандарын орындады. Қазақстанда мұндай алаң болған емес, түрік әріптестеріміздің жұмысымен танысып, біз өз қорымызды құруды шештік », — дейді «Menin Armanym» қорының директоры Шамиль Ванкеев.

Оның сөзінше, науқас13 баланың қалауы жүзеге асқан. Бұл корпоративті қорға кез келген адам ерікті болып жұмыс істей алады. Дегенмен де қор басшысы еріктілерді алғашқы кезде психологиялық тұрғысынан дайындайтындарын айтып өтті.

«Біз оларды психологиялық тұрғысынан дайындаймыз. Бірінші кезекте, еріктелерді қызықтыру. Қордың жұмысын бастамас бұрын қызметкерлерге эмоционалды көмектен бұрын, оларға мотивация, шабыт беру керек болды. Біз шабытты бергеннен кейін, эмоционалды көмек көрсетеміз. Еріктілермен де солай жұмыс істейміз. Еріктілерді де қызықтырамыз, бір екі баланың арманын орындағаннан кейін олар да эмоционалды тұрғысынан қиын екенін түсінеді. Ол кезде біз міндетті түрде шеберлік сабағын өткіземіз. Қазіргі таңда желтоқсан айының соңында олармен онлайн шеберлік сабағы өтті. Қазақстандағы барлық еріктілермен шеберлік сабағы өтті. Енді супервайзерлерге бөлек шеберлік сабағы өтетін болады. Баланың арманы орындалмас бұрын, орындалғаннан кейін өзіңді қалай ұстау керек, ата-анамен қалай сөйлесу керек деген сияқты нәрселер және де қиын сәтте өзіңді қалай жеңіп шығу керектігі айтылады, үйретіледі. Біз барлығы түсіну үшін осылай шеберлік сабақтарын жеке, жеке жасайтын боламыз», — деді «Menin Armanym» қорының директоры Шамиль Ванкеев.

«Menin Armanym» корпоративтік қорының басты мақсаты — баланың моральдық жағдайын жақсарту үшін паллиативті және эмоционалды көмек көрсету, әр балаға күнделікті ауыр сырқаттармен күресу үшін жаңа серпін беру, сонымен қатар қоғамдастық бастамаларын дамыту, балаларға көмектесу.

Қазақстанның кез-келген азаматы жобаның демеушісі бола алады немесе оның еріктілер қозғалысына қатыса алады. «Menin Armanym» корпоративтік қорының қызметі туралы қосымша ақпаратты қордың ресми сайтынан оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар