Менингитке қарсы екпе салдырудың пайдасы бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менингитке қарсы екпе салдырудың пайдасы бар ма?

Менингитке қарсы екпе салдырудың пайдасы бар ма?

Алматыда менингитке қарсы екпені ақылы түрде жасайтын үш бөлімше ашылды.

  • 6 Маусым 2018
  • 103
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда менингитпен ауыратындар саны өсіп келеді. Көп адам аты жаман аурудан масканың, үйде отырудың, вакцинацияның көмегімен сақтанамыз деп есептейді. Today.kz редакциясы менингиттен екпе салдырудың қаншалықты тиімді екенін анықтап көрді. 

Құны қымбат 

2018 жылдың 4 маусымында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке қарсы вакцинация егуді енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Өйткені бұл – шығын. Сондай-ақ ол қазір ауырып жатқандардың саны (58 ауру, 13-і – қайтыс болған) түбегейлі қадағаланатынын жеткізді. 

Алматыда менингитке қарсы екпені ақылы түрде жасайтын үш бөлімше ашылды.  

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова 4 маусымда Қазақстан аумағында менингиттен 4 600 екпе салынғанын, олар Алматының екі клиникасында және Астананың бір клиникасында жасалып жатқанын айтты. 

"Фармаком" жеке вакцинация клиникасының өкілдері бізге өздерінде 1 500 вакцина бар екенін, екі вакцинация бөлімінің жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Екпе құны – 22 520 теңге. Екпе Бельгиядан әкелінген, аты "Нименрикс", оны бір жастан асқан балалар мен ересектерге салуға болады. Екпе салмастан бұрын дәрігерлер науқасты тексеріп, әлсіздік пайда болатынын, қызудың екпеден кейін екі-үш күн бойы көтерілетінін ескертеді. Вакцина 21 күннен кейін ағзаға әсер ете бастайды, 10 жылға дейін сақталады. 

Бірнеше күннің ішінде "Фармаком" клиникасында 200 адам екпе алған, науқастар саны өсіп келеді. 

Екінші жеке клиника вакцина қазір бітіп қалғанын, апта соңында әкелінетінін жеткізді, бағасы – 27 мың теңге. 

Екпе қажет, бірақ бәріне емес

Екпені салдыру керек пе, жоқ па, осы күнге дейін таласты тақырып болып келеді. Отбасылық дәрігерлер Ассоциациясының Президенті Дәмелі Нұғманова менингитке қарсы екпені бәріне бірдей салдырмау керек деп есептейді. 

"Менингит негізінен гемофильді таяқша түрінде қозады, екінші орында пневмококктар, соңғы орында менингококкты инфекция. Гемофильді таяқшаға қарсы балалар туған соң тегін түрде екпе алады, бұл екпені ересектерге салу тиімсіз. Пневмококкқа қарсы да вакцина бар, заманауи түрі. Менингококкты инфецкияға қарсы екпе бар, менингококкты инфекция түрінде пайда болған менингит — осы ауру түрінің 10 пайызы ғана. Оны жұқтыру үшін инфекциясы бар адаммен үш сағаттан астам уақыт тығыз қарым-қатынаста болу керек. Сондықтан менің ойымша бәріне екпе салдырудың қажеті жоқ. Екінші мәселе – бәрі бір ғимаратта тұратын адамдарға екпе салдыру қажет. Мысалы, балалар үйінде, қарттар үйінде, түрмелерде және психдиспансерлерде", – деді Нұғманова. 

Дәрігердің сөзінше, ғимаратты көбірек желдетіп, қорғанатын масканы тақпауымыз керек. 


"Вирусқа қарсы масканы тағу дұрыс емес. Біз керісінше өзімізге қауіп төндіреміз, масканы үнемі тағудың әсерінен мұрнымызда ылғалды орта пайда болады, ол бактерияны оңай қабылдайды", – деді Нұғманова. 

Басқа елдерде қалай?

Кейбір мемлекеттерде менингококкты инфекцияға қарсы екпе міндетті түрде әрі тегін салынады. 

Мысалы, Ұлыбританияда менингококкқа қарсы екпені 11-14 айлық балаларға салады. Ол тегін әрі ешқандай анықтамасыз жасалады. 

Германияда менингококкты инфекцияға қарсы екпені тегін салады, ол балаға салынатын бес екпенің қатарына енеді. Ересектер медициналық сақтандыруы төленіп қойған соң менингитке қарсы екпені тегін салдырады. 

Ресейде менингитке қарсы екпені мемлекет тегін салмайды, бірақ ауру ұлғайған жағдайда (100 мың адамның ішінде 20 бала ауырса) екпе тегін салынады.

Сондай-ақ, балабақшада, мектепте немесе белгілі бір ұжымда балада менингит белгісі болса, қарым-қатынас жасағандардың бәріне екпе жасайды. Менингитке қарсы ақылы екпені де салдыруға болады, оның құны – 6-9 мың рубль (30-40 мың теңге). 

Одан бөлек, әлемнің бірнеше елінде менингококкты инфекцияға қарсы екпені ВИЧ инфекциясы бар сәбилерге де салады. 

Қазақстандағы менингит

Осы жылдың басынан бері Қазақстанда аты жаман ауруға 58 адам шалдыққан, оның 13-і қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұның қалыпты жағдай екенін, шу шығаруға себеп жоқтығын айтты. 

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой елде қандай жағдайда карантин жарияланатынын мәлімдеді. 

Алматының бас санитарлық дәрігері мектепке дейінгі және қала сыртындағы лагерьлер тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға орай 18 маусымда өз жұмысын бастайтынын айтты.

Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

 

 

Соңғы жаңалықтар