Жарияланды: 180

Мереке Қалбаева:Әрсен ондай кезде бірден бас тартады

Мереке Қалбаева:Әрсен ондай кезде бірден бас тартады

Жақында ғана ән әлеміне қадам  басқан Мереке Қалбаева бірден төрт бірдей ән шығарды. Және оның барлық әндеріне  музыка жазған Мерекенің өзі болып табылады. Тіпті кейбір әнінің сөзін де өзі жазған.

Бұл туралы caravan.kz порталы хабарлайды.

- Мереке ханым, ең алдымен YouTube желісіндегі миллион қаралымыңыз құтты болсын. Бұл туралы не айтасыз.

- Рахмет! Шынымды айтсам күтпедім. 1 айда бұндай көрсеткіш көрсетемін деп ойламадым. Шүкір. Бәрі көрерменнің қолдауы ғой.
- Сіз әншілік қырыңызды көрсеттіңіз, көпшілік тіпті қайран қалып жатыр. Төрт ән жазып тастадыңыз. Әрі қарай әншілікті жалғастырасыз ба?

- Негізі шынымды айтсам, мен кішкентайымнан ән айтуға қызығамын. "Әнші балапан" деген байқауларда қатысатынмын мектепте. Бірақ менің дауысым көп адамдарға ұнамайтын. Жалпы әр дауыстың өз тыңдарманы болады ғой. Сондықтан қазір менің де тыңдармандарым жоқ деп айта алмаймын. Дегенмен дауысымды ұнатпайтындар да бар ол енді заңдылық. Бұған да шүкір. Бәріне ұнау мүмкін емес. Тырысқанда емеспін. Жәй ғана сүйікті ісіммен айналысқанды және шынайы болғанды ұнатамын. Өнерімді қолдап жатқандар шүкір баршылық. Ең бастысы халыққа ұнап жатқаны үшін мен бақыттымын.

- Кино әлеміне де биыл етене жақындадыңыз, қазіргі таңда ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па? Немесе "Тек қана қыздар" ситкомының жалғасы түсіріле ме?
- Киноға келсек, мен жалпы актриса болам, әнші болам, кинода жүрем деп ойламаппын. Армандаған шығармын, бірақ кішкентай кезде армандауда мен үшін қорқынышты еді.(күліп)
Алланың қалауымен арманыңа әрекет етсең міндетті түрде орындалатынына көзім жетті. Биология пәнінің мұғалімін оқысамда, квн ойнап, сериалдарға түсіп, тіпті өзімізде жолдасым екеуісіз кино түсірдік. Қыздар жайлы кино түсірсем деп армандағам, бұл арманым тұрмысқа шыққан соң жолдасымның қолдауымен орындалды шүкір. "Тек қана қыздар " деп аталатын 12 бөлімнен тұратын ситком түсірдік.
Қазір маған кинога түсуге көп ұсыныстар түсуде, қазіргі жағдайыма орай, бәрінен бас тартып жатырмын. Аяулы ана болуға асығып, күтіп жүрмін Ин Ша Алла.
"Тек қана қыздар"- дың екінші бөлімі яғни жалғасы міндетті түрде болады. Күтіңіздер.

- Көп бағдарламаларда жалғыз өзіңіз түсіп сұхбат беріп жатырсыз. Жолдасыңыз Әрсен тасада қалып жатқан жоқ па қалай ойлайсыз? Ол бұл жайлы не дейді?

- (Күліп) Жо-жоқ Әрсен керісінше көп жерде өзі жүрмейді. Ол біледі қайда бару, қайда бармау керек екенін. Жалпы өз бағасын білетін жан. Мен ғой кім шақырса да көңілін қалдырмайын деп бара салам. (Күліп) Сондықтан ол ренжімейді, тек қуанады. Басқа қалаға сұхбатқа шақырып жолымызды төлеп жатса міндетт түрде барамыз, кейбіреулері өздеріңіз келе аласыздар ма?- деп жатады. Ондай кезде бірден бас тартады. Жалпы қазір өз бағаңды білмесеңде болмайтын заман ғой. Өз-өзіңді бағаламасаң өсу қиын.
 

- “Екі жұлдыз" жобасында Жігер Ауыпбаевпен дуэттеріңіз өте сәтті шықты. Жеке екеуіңіз жаңа ән жазу жоспарларыңызда бар ма?!

- Иә, Аллаға шүкір. Осы "Екі жұлдыз" жобасында Жігердей талантты жанмен жұп болғаныма өте қуаныштымын. Себебі ол өте еңбекқор, жауапкершілігі мол адам. Менде өз кезегімде жұмысқа жеңіл қарағанды жек көрем. Өзімізге берілген сенімді ақтауға барынша барымызды салдық.
Бұл жобада екеуіміз бір-бірімізді толықтырып тұрдық деп ойлаймын. Еңбектендік және сол еңбектің жемісі болды әлі де болып жатыр. Дуэтке келсек сол жобада жүргенде келген идея. Бұйыртса жақын арада Жігер екеуімізден дуэт күтіңіздееер!


 

Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін