Мешімбаеваның сыбайласы деп танылған кәсіпкер бостандыққа жіберуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешімбаеваның сыбайласы деп танылған кәсіпкер бостандыққа жіберуді талап етті

Мешімбаеваның сыбайласы деп танылған кәсіпкер бостандыққа жіберуді талап етті

Атышулы «Статистер ісінде» жаңа мәлімет! Бүгін агенттіктің экс-төрайымы Анар Мешімбаеваның сыбайласы ретінде 9 жылға қамалған Серік Тұржанов куәгер ретінде сотқа әкелінді. Кәсіпкер тергеу кезінде «басыма пакет кигізіп аяусыз соққыға жықты», сөйтіп «қылмысты мойныма ілді» деп отыр. Сондықтан өзін сот залынан босатуды талап етті.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 158
Фото - Caravan.kz

Міне, Қарағанды облысында 5 жылдан бері жазасын өтеп жатқан Тұржанов көптен көрмеген бауырымен амандасып жатыр. Ал «Киік» фирмасының құрылтайшысына тағылған айып тым ауыр. Ол 2008-ші жылы тендерді ұтып алып ұлттық санаққа қажетті бланктерді әзірлеумен айналысқан. Бюджеттің 758 млн теңгесі осы баспахананың шотына аударылып кейін ұрланыпты. Бірақ Серік Тұржанов тағылған айыпты мойындамай, істі қайта қарауды талап етті. Айтуынша, компаниясын жеке басқаруға беріп, өзі сол кезде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың кеңесшісі қызметін атқарған. Ал тергеу материалдарына сүйенсек, кәсіпкер Статистика агенттігі басшыларымен үнемі телефон арқылы тілдесіп, келіскен көрінеді. Тек бүгін Мешімбаева мен Тұржановтың жауаптары бір-біріне кереғар шықты.


Серік Тұржанов:

— Сіздің Мешімбаеваның телефонмен сөйлескеніңіз рас па?
— Премьер-министрдің кеңесшісі ретінде сөйлестім.
— Болды.

Анар Мешімбаева:

— Тұржановпен телефон арқылы сөйлестіңіз бе?
— ЖОҚ.