Мешіттің дәретханасын тазалап жүрген ата қажылыққа баратын болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіттің дәретханасын тазалап жүрген ата қажылыққа баратын болды (ВИДЕО)

Мешіттің дәретханасын тазалап жүрген ата қажылыққа баратын болды (ВИДЕО)

Мешітте көпшілік жамағат дәрет алатын жерді жуып-шайып, тазалап жүрген мешіт қызметкеріне бейтаныс жігіт күтпеген жерден үлкен тосынсый жасады.

  • 15 Маусым 2022
  • 96
Фото - Caravan.kz

Ол әуелі егде жастағы қарияны сөзге тартып, көмектескен болады.

«Бұл үлкен суап қой, сауапты өзіңіз ғана ала бересіз бе, әкеліңіз бізде алайық», деп дәрет алатын жерді жууға көмектеседі. Ал соңынан қарияға үлкен қажылықтың сертификатын табыстады деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы.

Мұндай тосын сыйды күтпеген қария егіліп жылап жіберді.

«Жүрегі мешітке байланған деген, ол бес уақыт намазын мешітте оқыған адам емес, осы жерде қызметте болған адам. Алла Тағала сізді қасиетті жерге қонаққа шақырып жатыр. Мынау сізге сертификат»,- деді белгісіз жігіт.

Көптің көңілін босатқан бейнежазбаны Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

 

Соңғы жаңалықтар