Microsoft Қазақстандағы IT-рынокты өзі үшін ең тартымды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Microsoft Қазақстандағы IT-рынокты өзі үшін ең тартымды деп санайды

Microsoft Қазақстандағы IT-рынокты өзі үшін ең тартымды деп санайды

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Microsoft Қазақстандағы IT-рынокты өзі үшін ең тартымды деп санайды. Бүгін тұрақты даму мәселелері жөніндегі инновациялық форум барысында "Майкрософт" компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа аймағы жөніндегі президенті Вахе Торросян осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі шамамен 9% құрайды, осы жылдың ішінде бұл сан сәл азаятынын біз білеміз, бірақ ол 7 — 8% деңгейінде қалады, яғни, ол Орталық және Шығыс Еуропа аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Майкрософт» үшін бұл ең тартымды аймақ, — деді В. Торросян.

Ол Қазақстанда инсталлациялық дербес компьютерлердің өсімі шамамен жылына 25 — 30% құрап отырғанын еске салды. «Біздің пайымдауымызша, елдегі IT-рынок шығындар мен оған жұмсалған қаражат тұрғысынан жыл сайын 20%-ға өсіп отыр», — деді «Майкрософт» өкілі.

«Біз оны келесі буын өнімдеріне деген сұраныс тұрғысынан да бағалап отырмыз, ол Қазақстанды ғаламдық тұрғыда ІТ -саласына инвестициялар құю үшін оң позицияға алып шығады», — деді В. Торросян.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті