Мидың құмар ойынға жауапты бөлігі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мидың құмар ойынға жауапты бөлігі анықталды

Мидың құмар ойынға жауапты бөлігі анықталды

Ұлыбританияның ғалымдары адам миының құмар ойындарға деген әуестігіне жауапты бөлігін анықтады. Мамандар бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оған сау және басы ауыратын адамдар қатысқан, деп жазады Росбалт.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 576
Фото - Caravan.kz

Зерттеу жұмысына ерікті түрде қатысқандардың барлығына рулетка ойнау ұсынылды. Ойын нәтижесі бойынша Кембридж университетінің зерттеу тобының жетекшісі Люк Кларк пен оның әріптестері құмар ойындарға әуес адамдардың  маңдайы мен самайының арасын бөліп тұрған миының гипербелсенді екенін анықтады.

Дәл осы бөліктің аса белсенділігі ойын кезінде адамдарды қателестіреді. Яғни, ол кезде адамдар жүлдені жеңу бұған дейінгі ойынның нәтижесіне байланысты еместігін түсінбейді.

Осы орайда, доктор Кларк құмар ойынға әуестікті төмендету үшін мидың аталған бөлігінің жұмысын бәсеңдетумен байланысты әрі оны арнайы терапияның көмегімен емдеу керек деп есептейді.