Жарияланды: 1200

"Міне сендерге Астана! Ал сендер шымкенттіктерді жақсы көрмейсіңдер!" - Байзақова

"Міне сендерге Астана! Ал сендер шымкенттіктерді жақсы көрмейсіңдер!" - Байзақова

Атышулы Айжан Байзақова жақында өз өмірімен қоштасуға сәл қалған екен. Түңгі клубта үш қызды ақшаға шешіндіріп, үш күн түрмеге отырып шыққан блогер өзінің басынан өткен оқиғасын желідегі парақшасында бөлісті.

Оқиға Астана қаласында болған екен. Соңғы уақытта Байзақова өзінің клубтарда қоятын бағдарламасымен гастрөлдетіп жүр. Осы жолғы сапары Астана қаласына түскен ару ондағы жастардың көңілдерін көтеріп қайтпақ болған екен. Барлығы жақсы басталған сияқты еді, бірақ әлдекім шу шығарып, Байзақованы халықтың көзінше пышақтап тастауға бекініпті.

«Астана… неге екенін білмеймін бірақ осы қаланы жаным сүймейді.

Жұма күні Ньютон түңгі клубында болғандар біздің қалай көңіл көтергенімізді, сахнада секіріп, сіздерді барынша көңілдендіргіміз келгенін біледі, бірақ… сол көңіл көтерістің басқа тұсы да бар. Барлығы клубтың іші тар, тіпті ауа болмағандығын біледі, ал біз тобымызбен тіпті есімізден танып қала жаздадық. Құдайға шүкір, 4ке таман желдеткіштерді алып келді. Бірақ, мәселе мұнда емес…

Клубта бір еркек болған. Еркек деп айтқаныма өзім де таң қалып тұрмын. Ол көңіл көтеруге келген, бірақ, бір уақытта маған бейәдеп сөздер айта бастады. Егер саған бір зат ұнамаса, кетіп қал! Бірақ ең қорқыныштысы, мен күзетшілерге жаңағы еркекті клубтан шығарып тастауға өтініш жасап едім, олар оның Астанада беделді адам екенін айтты!

Ол сонымен мені пышақтап тастау мақсатында клубтың қасында таңғы 9ға дейін күтіп тұрды.

Ешкім, еш бір еркек ештеңе істей алған жоқ, жәй ғана естімегендей өтіп кете берді,

Міне сендерге Астана! Ал сендер шымкенттіктерді жақсы көрмейсіңдер!

Шымкентте не болғанын айтып берейін бе?

Ол жақта ешбір еркек менің тарапыма жаман сөздер айтқызған жоқ, тіпті «қарындасым, сені ренжітпейміз», деп қорғаштап жүрді», деп өзінің телеграм парақшасына жазбасын жариялады Айжан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть