Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Дәленов қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл санақ өткізбеген дұрыс деп есептейтінін айтты.
"Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты", — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ұлттық санақ 2020 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жоспарланған.
"Басты себеп — санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз", — деді министр.