Жарияланды: 510

Министр миллион теңгеге жуық жалақы алады

Министр миллион теңгеге жуық жалақы алады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек салықты ұстап қалғанда, қолына ай сайын 960 мың теңге жалақы алатынын мәлім етті.

Министр, сондай-ақ, Қазақстанда шыққан «Киа» маркалы қызметтік көлік мініп жүргенін, бүгінгі брифингке Қазақстанда тігілмеген костюм киіп келгенін айтты.

«Мен Шығыс Қазақстанда құрастырылатын «Киа» маркалы қызметтік көлік мінемін. Қазір үстімдегі костюм Қазақстанда тігілмеген. Жалақыма қатысты айтар болсам, салықты алып тастағанда, қолыма 960 мың теңге жалақы аламын», - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть