Министр «Қолжетімді баспана-2020» тұрғын үйлерінің бағасын көтеруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр «Қолжетімді баспана-2020» тұрғын үйлерінің бағасын көтеруді ұсынды

Министр «Қолжетімді баспана-2020» тұрғын үйлерінің бағасын көтеруді ұсынды

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынатын үшінші және төртінші санаттағы тұрғын үйлердің бағасы қымбаттайды.

  • 14 Қаңтар 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Аймақтық даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Әкімдіктер берген мәліметке сүйенсек, тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы оны тұрғызуға кететін шығынға сай емес (…). Министрлік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді әзірлеп қойды. Онда 4-санаттағы үйлердің бір шаршы метрінің бағасын 80 мың теңгеден 90 мыңға, 3-санаттағы үйлердің бағасын 90 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Құрылыс корпорациясы бойынша – 110 мыңнан 115 мыңға, 4-санат бойынша – 120-125 мыңға, 3-ші санат бойынша – 120-215 мың теңгеге қымбаттту көзделіп отыр», — деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.