Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады

Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады

Биыл оқушылар күзгі демалыс кезінде он күн демалады, олар бесінші қарашада демалысқа шығады.

  • 13 Қазан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Биыл мектеп оқушылары бесінші қараша күзгі демалысқа шығады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"2020 жылы күзгі демалыс он күнге созылады, оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады", — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өткен жылы күзде демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталды. 

Айта кетейік, биыл оқу жылы коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқу форматында басталды. 

Ал бастауыш сыныптар ата-ана өтініші бойынша мектепте кезекші сыныптарда оқи алады.


Оқу жылы басталған екі жарым ай ішінде Қазақстанда 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 33-і – кезекші сыныпта оқитын балалар.

Биыл қысқы демалыс 11 күнге созылады (31 желтоқсан 2020 жыл — 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күнге жалғасады (20-31 наурыз 2021 жыл).

Соңғы жаңалықтар