Жарияланды: 800

Минскде ТМД-ға қатысушы елдердің мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысы басталады

Бүгін, 10-қарашада ТМД-ның Минск қаласындағы бас пәтерінде ТМД-ға қатысушы елдердің мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысы, Халықаралық мұрағаттар кеңесінің Еуразия аймақтық бөлімшесінің (ЕВРАЗИКА) 4-ші жалпы конференциясы, "Мұрағаттар және қазіргі қоғам" тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырыстарда Еуразия аймағындағы мұрағат ісін дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде. Сондай-ақ, ЕВРАЗИКА ұйымының 2004-жылға арналған жұмыс жоспары, Қазақстан Елордасы Астанада өткен мұрағат қызметтері басшыларының бұған дейінгі кеңесі хаттамасының орындалуы, ТМД-ға қатысушы елдердің мұрағат қызметтері басшыларының консультативтік кеңесі туралы ережелердің жобасы қабылданып, басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланады деп күтілуде. ЕВРАЗИКА отырысы мен Консультативтік кеңеске Достастыққа мүше елдердің мемлекеттік мұрағат қызметтерінің басшылары қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін