«Шешім жобасында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдық мерейтойына байланысты шаралар кешенін халықтың кең ауқымды бөлігін тарту арқылы дәйектеу және өткізу ұсынылған»,- деп айтылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, «құжат жобасын «Тәуелсіз мемлекеттер ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары достастығы» халықаралық одағының үйлестіру кеңесі әзірлеген». Онда Ұлы Отан соғысы жеңісінің дүниежүзілік-тарихи маңызы атап көрсетілген. Сонымен қатар, құжатта «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тылдағы еңбеккерлерге, соғыста құрбан болғандардың жесірлеріне ұдайы көмек көрсетіп тұру қажеттігі» атап көресетілген.