Мирзияев қол көтерген шенеуніктермен күресуге уәде берді, бірақ олар әлі қызметте жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мирзияев қол көтерген шенеуніктермен күресуге уәде берді, бірақ олар әлі қызметте жүр

Мирзияев қол көтерген шенеуніктермен күресуге уәде берді, бірақ олар әлі қызметте жүр

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жақында шенеуніктердің қызметкерлерге қол көтеруі мемлекет саясатына қайшы келетінін мәлімдеген. Сол кезде ол қоластындағыларға қол көтерген өзбек шенеуніктері жұмыстан босатылады деген еді.

  • 24 Қараша 2017
  • 1580
Фото - Caravan.kz

15 қарашада үкімет отырысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қызметкерлеріне қол көтеретін, былапыт сөздер айтатын шененуніктердің әрекетін мемлекеттің және президент саясатына қарсы бағытталған деп бағалау керек деді.

"Біздің арамызда сондай да бастықтар бар. Олар өз жауапкершілігі туралы ұмытып кеткен. Олар ойына келгенін жасағысы келеді. Біз мұндай нәрселерден арылуымыз керек", — деді Шавкат Мирзияев.

Дегенмен көпшілік көзіне түсіп қалған мұндай шенеуніктер қызметте әлі отыр.

Мақта жинау науқаны кезінде Башкент облысы Паркент ауданының басшысы Нематулла Абдуллаевтың қарамағындағыларды былапыт сөздермен сөгіп жатқаны жазылып қалды. Бірақ ол да жұмыстан кеткен жоқ.


Соңғы жаңалықтар