"Молданың баласымын"; Жаңа депутат ант беру кезінде неліктен 2 рет "біссіміллә" деп айтқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Молданың баласымын"; Жаңа депутат ант беру кезінде  неліктен 2 рет "біссіміллә" деп айтқанын түсіндірді

"Молданың баласымын"; Жаңа депутат ант беру кезінде неліктен 2 рет "біссіміллә" деп айтқанын түсіндірді

Ант беру кезінде екі рет «Біссіміллә» деп айтқан Парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек  оның себебін Нартай Аралбайұлының сұхбатында  айтты.

  • 18 Сәуiр 2022
  • 299
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Біріншіден, ондай астарда болған жоқ. Бұл менің жеке ұстанымым. Менің өмірбаяным ашық, молланың баласымын, үлкен Нұрбек деген кісі. Семей қаласында Тыныбай деген бірінші қазақ мешіт ашылғанда, соның тұңғыш имамы менің атам Нұрбек болған. Бұрын Семейде татар мешіті болған, бірақ қазақтардың өздері салған мешіті болмаған. 80-ы жылдары бір жамағат ақшасын жинап, тұңғыш қазақ мешіті салынған. Сондықтан кішкентай кезімнен имамнын әулиетінде өскен баламын. Дінге жақынмын. Оны жасырмаймын және ешқашан жасырған жоқпын» — деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуы бойынша, Қазақстанда конституциямен белгіленген дін бостандығы бар. Бұл оның жеке, азамат ретінде бостандығы.  Басышылар оны шақырып: «Сен неге біссіміллә деп ант бересін. Біз зайырлы мемлекетпіз ғой», — деп айтқан екен.

 «Ағалар, мен сізге екі кепіл беріп отырмын. Бірінші – конституция алдында, екінші – Алланың алдында. Енді мен ешқайда бара алмаймын. Сіздерге жақсы емес па? Депутат сіздерге екі кепіл беріп отыр» деп жауап берді депутат.


«Содан соң бәрі мені қолдап күлді. Сондықтан мені дұрыс түсініңіздер, бұл мен үшін өте маңызды. Біз мұсылман мемлекеті болсақ та, ресми түрде біз зайырлы мемлекетпіз. Бірақ, кейбір елдерде, мысалы Түркияда Ердоған конституцияға және құранға ант берді. Өзіңіз көргендей,бәрі мені мақтап, көп адамдар қолдады»- деп Парламент мәжілісінің депутаты көпшілікті мазалаған сұраққа жауап берді.

Соңғы жаңалықтар