Жарияланды: 1000

Мөлдір Әуелбекова: Депутат болуға ниеттімін

Мөлдір Әуелбекова: Депутат болуға ниеттімін

Әнші Мөлдір Әуелбекова депутат болуға ниетті екенін айтты.

Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сайлауға барып, Нұр Отан партиясының белді мүшесі ретінде өз таңдауыма дауыс беріп келдім. Алдағы уақытта сәті келіп, Алла бұйыртып жатса өзім де «депутат» болуға ниеттімін. Күйеуім рұқсат берсе", - деп жазды әнші.

Әншінің бұл ойын оқырмандардың бірі қолдап жатса, ал бірі сынап тастады.

"Депутат болып қатырмайсыз, одан әніңді айтып, жүре берсеңші. Сізден басқасы да қатырмай жүргенде", "Әніңді айтып жүре бер оранып", "Паранжа кисеңде әлі ақылың кірмепті ғой", "Депутат болсаңыз «первая женщина депутат в платке» болатын едіңіз", "Депутаттықта білімі өте жоғары адамдар жұмыс жасауы керек. Сізді лайықты деп санамаймын", - деп пікр білдірді оқырмандар.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін