"Мөлдір реанимацияда комада жатыр": Айгүл Орынбек желіде былапыт сөздер айтқаны үшін сынға қалған қыздың қысым көргенін жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мөлдір реанимацияда комада жатыр": Айгүл Орынбек желіде былапыт сөздер айтқаны үшін сынға қалған қыздың қысым көргенін жеткізді

"Мөлдір реанимацияда комада жатыр": Айгүл Орынбек желіде былапыт сөздер айтқаны үшін сынға қалған қыздың қысым көргенін жеткізді

Мөлдір Бекееваның халі қазір ауыр.

  • 6 Сәуiр 2022
  • 6657
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек жазды деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

"Мөлдір реанимацияда комада жатыр екен, әлі өзіне келмеген!

Отбасы мүшелері шок болып отырғанда, “полиция қызметкерлері тыныштық бермей жатыр”, деп маған хабарласуда!

ҚР Бас прокуратурасы / назарға алуларыңызды сұраймын!

Бұл істі полиция емес Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе Анитикор тергеу керек!

Өз қылмыстарын жабу үшін полиция басшысы аянып қалмасы анық!

Қайта полициялардан қорғайтын күзет қоюды талап етемін.

Ол өз хатында полиция басшысынан қысым көргенін жазған!

Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша өзін өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін тергеу керек!, деп жазды заңгер.


"Пошел на х..й. Мал": Желіде полицияда істейтін жас қыздың өз қызметкерін сұмдық боқтаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Еске салсақ журда yyuotube-тегі Kritik kz арнасында видео жарияланды. Онда әлде бір жас қыздың қол астындағы қызметкерді аяусыз боқтағаны жазылып алынған аудиожазба бар. Оны автор Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның дауысы деп таратқан еді. Онда әлгі қыз  "Пошел на х*й деп бастап неше түрлі сөзер айтады".

 

Соңғы жаңалықтар