Жарияланды: 20000

"Пошел на х..й. Мал": Желіде полицияда істейтін жас қыздың өз қызметкерін сұмдық боқтаған видеосы тарады (ВИДЕО)

"Пошел на х..й. Мал": Желіде полицияда істейтін жас қыздың өз қызметкерін сұмдық боқтаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Аталған видео yuotube-тегі Kritik kz арнасында жарияланды. Онда әлде бір жас қыздың қол астындағы қызметкерді аяусыз боқтағаны жазылып алынған аудиожазба бар. Оны автор Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның дауысы деп таратқан. 

Арадағы ұрыс-керісті не мақсатта және кімнің жүктегені белгісіз.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Виеоның басына Шымкент полициясы департаментінде жұмыс істейтін адамның желідегі аккаунтын скриндеп салыпты. 

Ал мәтінде төмендегідей сөздер жазылған:

"Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырза, полиция саласының баспасөз қызметін осындай басшылар басқарса қоғамға қандай үгіт насихат айтып жеткізеді, масқара ғой мынауыңыз, аузына ақ ит кіріп көк ит шығып жатыр. Біз ойлаушы едік полицияда салмақты өте сауатты, тәрбиесі мол басшылар жұмыс атқарады деп алайда мына сөздерді естігенде жағамызды ұстадық. Бұл сөздер әйел баласына тән нәрсе емес деп ойлаймын. Осындай қызметкерлермен қандай жаңа Қазақстан құрамыз министр мырза, айтыңызшы? Әділ шешімін шығаруыңызды сұраймыз. Шымкент қаласының Мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Әли Көмекбаев Амантайұлы осы жағдайдың бәрін біле тұра көз жұмып қарауда", деп жазылған мәтінде. 

Видеоны көріп, дауысын тыңдағандар жаға ұстады. "Қыз баланың осыншалықты боқтағаны несі", "Ер адамды сонша төмендетіп балағатттауға қалай дәті барады", "Өзі әдемі қыз екен, неге ауызы былапыт", "Мұндай адам пресс-службада қалай жұмыс істеп жүр", "Кімнің дауысы екенін әлі анықтау керек, әдейі арандату шығар", деді мұны көрген көпшілік. 

Ал аудиожазбадан "Жап аузыңды... Телефон көтеруге шамаларың жетпей жатыр еді ғой... басымды ауыртпа. Қате шықсын, өлесің... Аясай адамды, мал. .. "Ты не заслуживаешь уважение" , түсіндің бе, е? Иттің тірлігін істеу. Ит те жауап беру керек".

"Намыс деп қояды ғой тағы, екі ауыз сөздің басын қоса алмайды... Сендер сияқты "тупойларға" біз жауап беретін болдық қой "бля**". Менің қолымда болса, атып тастайтын едім", деген сияқты сөздерді жазбадағы белгісіз әйелдің ауызынан молынан естуге болады.

Дегенмен аудиодағы шынында да Мөлдір Бекееваның дауысы ма, жоқ па беймәлім.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін