Жарияланды: 290

Монополист 1,4 миллион теңгедей соманы жамбылдық тұтынушыларға қайтарды

Монополист компания жылу энергиясы үшін артық төленген 1,4 миллион теңгеден астам соманы жамбылдық тұтынушыларға қайтарды,

деп хабарлады Табиғи монполияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен. «Игілік» көппрофильді кәсіпорны» мекемесін жоспарлы тексерудің барысында есептегіш жалпыүйлік құралдар орнатылғанына қарамастан, тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемдер прибордың көрсеткіші бойынша емес, тұтыну нормалары бойынша есептеліп келгені анықталды. Осы фактінің негізінде «Игілік» кәсіпорнына тұтынылған энергияның ақысын жалпыүйлік есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша есептеу міндеттелді. Тұтынушыларға қайтарылған сома 1 миллион 427 мың 258 теңгені құрады, деп хабарлады монополияны реттеу департаментінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін